КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ АППАРАТЫМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
Шымкент қаласында жергілікті бюджет есебінен заманауи компьютерлік томография (КТ) аппараты сатып алынды. Жаңа жабдықтар қалалық…
Шымкент қаласында жергілікті бюджет есебінен заманауи компьютерлік томография (КТ) аппараты сатып алынды. Жаңа жабдықтар қалалық балалар клиникалық ауруханасы мен Онкологиялық орталығы бар көпбейінді ауруханаға берілді. Компьютерлік томография ағзадағы түрлі патологиялық өзгерістерді жоғары дәлдікпен анықтауға арналған. Бұл аппараттардың көмегімен дәрігерлер науқастарға нақты әрі жылдам диагноз қойып, тиімді ем тағайындай алады. Жаңа КТ аппараттары зерттеу нәтижелерін…
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту жүйелі жолға қойылған. Мақтааралда тәулігіне 100-150 тоннан майлы дақыл өңдейтін кәсіпорын ашылды. Зауыт Түркияның «HAS MAKINA YDK. PARC. MET. SAN. TIC. LTD. STI» компаниясының заманауи технологиясымен жұмыс істейді. Яғни ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін құрал-жабдықтармен, жоғары сапалы май алынады. Кәсіпорынның жалпы аумағы…
Жетісай ауданында қала, кент және ауылдық округтердің аумағындағы саябақтар мен скверлерде кең көлемді көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Экологиялық ахуалды жақсарту, жасыл белдеу қалыптастыру мақсатымен 5 мыңға жуық түрлі сәндік ағаш көшеті отырғызылды. Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық шарасы аясында ұйымдастырылған көгалдандыру жұмыстарына аудан билігі мен жергілікті еріктілер де біріктірілді. «Тәуелсіздік» саябағына сән беретін түрлі…
Конституциялық реформаларды түсіндіру тобы Мақтаарал ауданында болды. Түркістан облысы бойынша коалиция мүшелерін бастап барған облыстық мәслихат төрағасы филиалының төрағасы Нұралы Әбішов қазыналы қарттарға арналған жаңалықтарды жеткізді. Жаңартылған Конституцияда қарияларға «қалқан» болатын тетіктер қарастырылған. «Күміс экономика» принципі бойынша жұмыс орындағы құқық қорғалады. Яғни зейнет жасына таяған немесе зейнетке шыққан соң, жұмысын жалғастырғысы келетін адамдарды кемсітуден қорғау…
Түркістан облысының әкімдігі шетелдік инвесторлармен бірге экономиканы әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және облыстың туристік тартымдылығын арттыруға кірісті. Облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек Қытайдан келген инвесторлармен бас қосып, әріптестікті тереңдету, жаңа туристік жобаларды іске асыру жоспарын саралады. Түркістан облысы инвесторлармнн сенімді серіктес болуға дайын. Ол үшін әкімдік барлық қажетті қолдау көрсетіп, жобалардың сапалы жүзеге…
Бахрейннің Манама қаласында өткен үшінші жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында түркістандық жас балуандар мен боксшылар оң нәтижеге қол жеткізді. Еркін күрестен Қазақстан құрамасы сапында 71 келі салмақта Нұртай Наров пен 45 келі салмақ дәрежесінде Ағабек Бақдаулет қола жүлде жеңіп алды. Ал, 60 келі салмақта Бегасыл Асанбек алтыннан алқа тақты. Бокс бойынша 50 келі салмақта…
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан делегациясы Париж қаласында өткен Ядролық энергетика жөніндегі екінші халықаралық саммитке қатысты. Ауқымды жиынға 50-ден астам елдің мемлекет және үкімет басшылары, мемлекеттік органдар жетекшілері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, қаржы институттары, өнеркәсіп және сарапшылар қауымдастығы қатысты. Саммит барысында азаматтық ядролық энергетиканың қазіргі энергетикалық және климаттық сын-қатерлер жағдайындағы рөлі талқыланды….
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады. Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарлары талқыланды. Инвестиция мен салық түсімдері Әкімнің айтуынша, облыс экономикасы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Бүгінде өңірдің экономикалық өсімі 113,9 пайызды құрады. Мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері 1 триллион теңгеге өскен. Инвестиция тарту бойынша да ауқымды…
Астанада өткен Үкімет отырысында азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру жолдары қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй беру жоспарларын дұрыстап орындауды тапсырды. Олжас Бектенов: — Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарларының орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл ретте қалаларда қолайлы, жайлы ортаны қалыптастыруға көңіл бөлу керек….
Түркістан облысы жасыл желек санын көбейту және орман қорын байыту бағытында еліміз бойынша үздіктердің қатарында. Бүгінде облыста орман шаруашылығына қарасты 21 тұқымбақ жұмыс істейді. Олардың жалпы аумағы — 342 гектар. Көшет саны: 35 миллионнан асты. Республика бойынша ағаш отырғызу көлемі мен көшетпен қамту деңгейі 300%-ға жетті. Суғару жүйелері тексеріліп, кемшіліктерді жою шаралары жүргізілуде. Облыс…